Бұл іске партияның сайлауалды штабының еріктілері жұмылдырылған.
Жастар ауыл халқымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, олардың ұсыныс-ескертпесін тыңдады. Кей мәселе бойынша пікір алмасты.
Партия өкілдері еріктілердің белсенділігі сайлауалды науқанда ерекше маңызды екенін атап өтті. Жұрт жасылдар жайлы, ұстанымы мен мақсаты туралы кеңінен ақпарат алып қана қоймай, елдегі өзекті мәселелерді тұрғындардың өздерінен естіп біледі. Ал бұл – партияның алдағы жұмысына таптырмас мүмкіндік дейді.
Пластик қалдықтарын азайту үшін тиімді жүйе қажет
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты Алма Қараш пластик қалдықтарының қоршаған ортаға әсері және оларды қайта өңдеу мәселесіне назар аударды.
Айтуынша, пластик тек көшелер мен полигондарда ғана емес, өзендерде, таулы аймақтар, тіпті ауа құрамында да кездеседі. Ғалымдар адам ағзасының тіндерінен микро және нанопластик бөлшектерін анықтаған. Сонымен қатар оның адам жасушалары мен ДНҚ-ға ықтимал әсері де зерттеліп жатыр.
Алма Қараш пластик мәселесін жекелеген өндірушілермен байланыстыру дұрыс емес екенін айтады. Оның пікірінше, негізгі міндет – тұтынудан кейінгі қаптамалардың қоршаған ортаға түспей, қайтадан шикізатқа айналуына мүмкіндік беретін тиімді жүйенің қалыптасуы.
«Әлбетте, бизнес дамуы керек. Отандық өндіріс өсіп-өркендегені жөн. Бірақ өндіріс көлемімен қоса, оның қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін де ойластырған абзал. Яғни кез келген кәсіпорын осыны түсінсе, Қазақстандағы экология мәселесі сәл де болса, оң бағытқа өзгерер еді», – деді кандидат.
«Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасында қалдықтарды нақты қайта өңдеу жүйесін дамыту мәселесі қарастырылған. Бұл ретте қайта пайдалануға болатын ресурстарды айналымға қайтаруға бағытталған тетіктерді жетілдіру жағына назар аударылған.
Үгіт-насихат жұмысын белсенді жалғасып жатыр
Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Тегермен ауылында «Байтақ» жасылдар партиясының қолдауымен мәдени-экологиялық шара ұйымдастырылды. Кездесуге ауыл халқы түгел жиналды.
Шараға жасылдар партиясы атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Андрей Краснокуцкий де қатысып, елдегі ағайынға сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Кандидат ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелеріне тоқталды.
«Байтақ» жасылдар партиясы таулы экожүйені сақтау, ауаның тазалығы, таза ауызсуға қолжетімділік, шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту сияқты жұртты алаңдатқан түйткілдер көтерілді.
Жиын соңы мәдени кешке ұласты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, ауылдағы өзекті мәселені талқылауға мүмкіндік береді.