Қазақстан Халық партиясы өкілдері дәрігерлермен кездесті

Қазақстан Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында штаб өкілдері партияның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған негізгі бастамаларымен таныстырды.

«Қазақстан Халық партиясы заманауи денсаулық сақтау жүйесі қолжетімді, сапалы әрі адамға бағдарланған болуы тиіс деп есептейді. Біз тек бастамалар көтерумен шектелмейміз. Бүгінде Қазақстан Халық партиясының қатысуымен әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар үшін медициналық сақтандыру кепілдіктері кеңейтілді, балаларға паллиативтік көмек көрсетудің жаңа стандарты бекітілді, ауруларды ерте анықтауды насихаттауға бағытталған жобалар жүзеге асырылып, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылдануда», – Қазақстан Халық партиясының өкілдері.