Сайлау өтетін күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Астанада 23 тамыз күні қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады.

Астанада 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
• Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
• қалалық бағдарларда;
• экспресс-бағдарларда;
• қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескергендері жөн.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.