"Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын...": Айгүл Иманбаева жаңалығын жеткізді

Айтуынша, осыған дейін төрт диплом алған.

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева докторантураға емтихан тапсырды, - деп жазды Aikyn.kz

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Айтуынша, осыған дейін төрт диплом алған. 

"Қоғамда қалыптасқан өте қате, теріс түсініктер бар. Әртіс білімсіз, әртіс клоун дейді. Бұл өте дұрыс емес ұғым. Мен өзім оқығанды, ізденгенді жақсы көремін. Төрт дипломым бар. Докторантураға тапсыру себебім мен 20 жылдық педагогикадағы жұмыс өтіліммен зерттейтін дүние өте көп. Өнердің қоғамдағы қызметі өте маңызды. Өнер адамдары жер дауы, ел дауы болғанда алдыңғы шепке лақтыратын клоун емес. Ақымақ адамдардың қатарында емес. Қоғамда айтары бар, атқаратын міндеті, алып жүретін  миссиясы бар мамандық иесі. Ол үшін тек оқу керек, даму керек. Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын. Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын", - деді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.