Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өмір туралы ой бөлісті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі осы уақытқа дейін өмірден біраз ой түйгенін айтты. Сонымен қатар өмірдің мәні әр уақыттың қадірін біліп, артыңда жақсы із қалдыру екенін атап өтті.
«Өмірдің қысқа екенін уақыт өте келе түсінеді екенсің… Өміріңе келген әр адам – бір қуаныш, бір мүмкіндік, бір сабақ. Бірі өміріңде ұзақ қалады, бірі өз жолымен кетеді. Бірақ әрқайсысы жүрегіңде бір із қалдырып, сені бүгінгі өзіңе айналдырады. Сондықтан өткенге өкпелемей, кеткенге ренжімей, келгенге алғыс айтып өмір сүрген қандай әдемі. Осы қысқа ғұмырда ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбегімізбен нәпақамызды тауып, айналамызға жылу сыйлап, елге пайдамыз тиіп жүрсе – одан асқан бақыт жоқ шығар. Өмірді тым күрделендірмей, әр күннің қадірін біліп, жақсы адамдарды бағалап, жүрекке жақсылық жинап өмір сүрейік. Бәлкім, өмірдің мәні – көп нәрсеге ие болуда емес, бар нәрсеңе шүкір етіп, өзіңнен кейін жақсы із қалдыруда шығар», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.