Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 жаңартылатын энергия көздері жобасының 7-еуі іске қосылды

Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінде 212 МВт болатын 7 нысан пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Пайдалануға берілген нысандардың қатарында:

* Қостанай облысында қуаты 50 МВт  Aspan Energo ЖШС жел электр стансасы;
* Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт  Stellar Energy ЖШС күн электр стансасы;
* Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт  Altyn Solar Energy ЖШС күн электр стансасы;
* Жетісу облысында қуаты 20 МВт  Jetisu Terra Power  ЖШС күн электр стансасы;
* Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын «Гиперборея» ЖШС-ның үш жел электр стансасы бар.

Биыл жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт «Альхена» ЖШС-ның екі күн электр стансасы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт «Тауэнерго» ЖШС-ның шағын гидроэлектр стансасын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

ЖЭК жобаларын іске асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.