Теміржол көлігінде қауіпсіздік сертификатын беру бойынша жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Е-лицензиялау МДБ» АЖ арқылы электрондық форматта көрсетіледі.

Көлік министрлігі 2026 жылғы 17 тамыздан бастап «Е-лицензиялау МДБ» АЖ-да «Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметінің іске қосылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық акт «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.