Қазақстан Халық партиясы жақтастарының форумы өтті

Қазақстан Халық партиясы жұмысының басты мақсаты – халықтың сеніміне ие болу.

Қазақстан Халық партиясының жақтастарын бір алаңда «Шин-Лайн» ЖШС өндірістік кешенінде біріктірген ауқымды кездесу өтті.

Жанды пікір алмасу, ерекше атмосфера және ортақ мақсат пен өзгеріске деген ұмтылысты бөлісетін көптеген адам бас қосты.

Біз көп болған сайын идеяларымыздың үні де соғұрлым биіктей түседі. Адамдар жақсылыққа, ізгілікке сенеді. Сол сенімнің ақталғанын қалайды. 

Қазақстан Халық партиясының позициясын қолдап, өзіңе сенген жұртты көргенде ерекше күш аласың. Бұл – жай ғана қолдау емес, адамды алға жетелейтін үлкен сенім. Халықтың сенімі адамды есейтеді, шыңдайды. Өйткені біреудің саған артқан сенімі – үлкен жауапкершілік. Бүгін әр азаматтың таңдауы – елдің ертеңіне қосқан үлесі. Халық қашанда өз таңдауын өзі жасайды. Ең маңыздысы, сол таңдау халықтың үмітін ақтап, елдің игілігіне қызмет етуі.

Сенім бар жерде үміт бар. Үміт бар жерде жақсы өзгерістерге жол бар.

Халықтың қолдауы Қазақстан Халық партиясына жауапкершілік жүктейді. Ал сол сенімге адал болу – басты міндет.