Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Осылайша ұлттық құраманың қоржынында бір жүлде бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.