Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Өнер иесі құдалыққа жақындарымен бірге барғанын көрсетіп, оқырмандарына отбасындағы қуанышты сәтін бөлісті.

Әнші Алтынай Жорабаева қызының құдалығынан бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі құдалыққа жақындарымен бірге барғанын көрсетіп, оқырмандарына отбасындағы қуанышты сәтін бөлісті. 

«Ал су жаңа құдаларымыздың құдалығына Қордайға келіп қалдық. Жаңа құдаларымызбен танысып, қуанышымызды бөлісуге асықпыз. Алла құдалығымызды берекелі, екі жаққа да сыйластыққа толы етсін!» - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары қуанышымен құттықтап, тілегін айтса, енді бірі құдалықта Алтынай Жорабаеваның жанында күйеуі болмағанын байқап, түрлі пікір жазған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.