Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жүзден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осы орайда жарыстың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды.
Әлем чемпионатының басты ерекшеліктерінің бірі – 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынының өткізілуі. Бұл жиынға әлемнің 350-ге жуық үздік балуандары қатысып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтайды.
Сондай-ақ әлем чемпионатының билеттері бүгіннен бастап «Яндекс» қосымшасы арқылы сатылымға шығады.
Еліміздегі ауқымды доданы отандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.