Астана әуежайында жас географтар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Құраманың барлық төрт мүшесі де жүлдегер атанды.
Андрей Енбахтов пен Бекбол Дарын алтын медаль жеңіп алды. Андрей Енбахтов жеке есепте олимпиаданың абсолютті чемпионы атанды.
Амир Дарынов пен Алан Козленко күміс медаль иеленді. Қазақстан құрамасына Абай Дүйсен мен Алмас Искендиров жетекшілік етті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.