Жекеменшік медицина неге үнсіз?
Жекеменшік медицина неге үнсіз?
Пандемия көп саланың осал тұсын, олқы жағын «жа­­­лаңаш­тады». Мысалы, ол мед­сақ­тандыру жүйе­сінің дәрменсіздігін паш етті. Бүгінде биліктің бар­лық құрылымы, бүкіл жауап­­­­ты биз­нес Covid-19 ке­­селімен күресуде. Бар­ша Қа­зақстан тұр­ғынын да сол алаң­датады. Ал МӘМС қоры сайтының бас­ты бе­тінде бұл тақы­рып­та бір сөз жоқ. Тіпті, ін­дет­пен күрес­ке қа­­тыс­ты қарапайым нұсқау не роликті таппайсыз. Бұл мә­­селе оны мүлдем қы­зық­­тыр­майтын сияқты. Сарапшылар бір жайтқа назар ау­дартады: осы жүйе­ні өрістету үшін мемлекет біраз жылдан бе­рі мем­лекеттік емханалар мен ауруханалар желісін қыс­қар­туға, ал қолданыстағыларын же­­­кенің қо­лына беруге ден қойып келді. Алайда әлемді жай­­­лаған алапат дерт мұндай жағ­дайда майданның алдың­ғы ше­бінен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйым­дары табылатынын көрсетті. Қалталы клиент­тер легі тыйылса, корпоративтік сақ­тандыру қа­ражатының ағыны тө­мендесе, жекеменшік кли­ни­калар жабылып қалатыны мә­лім болды. Қа­зақстанда да әдет­те алға ұмтылуға, ақша үшін бә­­секелесін жұлып жеуге дайын же­кеменшік ме­ди­циналық ұйым­дар негізінен үнсіз қалды. Билікке үрейлі кеселге шал­дық­қан және солар­мен қарым-қа­тынаста болған мыңдаған адамды мемлекеттік жұқпалы ау­ру­лар ауруханаларына, ба­­ла­лар инфекциялық ауруха­на­ларына, туберкулезге қар­сы дис­пансерлерге тоғытуға тура кел­ді. Елор­дада мемлекеттік көп­­бейінді медициналық орта­лық­­тың инфекциялық блогы жаб­дықталды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақ­тияр Мәкен егер пандемия күш алса, тұңғыш бес­жұлдызды қонақүй болған, қазір бос тұрған 22 қабаттық Ramada Plaza алып госпитальға ай­на­латынын жариялады. Бұл – Үкіметтің «С жоспары». Әзірге Нұр-Сұлтандағы өзге 5 жұлдызды қонақүй осы мақсатқа жұмылып жатыр. Мәселен, бұрын тек қымбат форумдар мен салта­натты жиындардың беделді қонақ­тары ғана түсетін EXPO жақтағы Hilton-ға енді коронавирусы болуы мүмкін деп күдікке іліккендер жатқызылуда. Онда Минск, Мәс­кеу және өзге шетел қалаларынан келген жолаушылар оқшаулан­дырылды. Қонақүйдің барлық есігін полицейлер тосқауылдап тастаған. Медицина мамандары онда жатқандарға экспресс-тест жасап, бір күн ішінде вирусы әшкереленбесе, үйлеріне жібереді. «Ramada Plaza-ны біздің құ­рылысшылар коронавирусқа қар­сы күреске лайықтап, дайындады. Сонда нысанды қабылдап алған қаланың бас медициналық дәрігері Әлиямен сөйлестім, ол жүздеген адам карантинде жатқанын, меди­цина мамандары тәулігіне небәрі 2-3 сағат қана ұйықтайтынын, орын-жайлар, кереуеттер жетіс­пейтінін ашық айтты», – дейді белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев. Қарапайым қорғаныс құрал­дарының да жетіспеушілігі бай­қалған. Отандық денсаулық сақтау жүйесін өзіне сай қайта құрып шыққан медсақтандыру жүйесі бұл істен тыс қалғандай.  

Дерт алдында дамыған елдер тізе бүкті

Шың елінен шыққан алапат дерт­тен Еуропа мен АҚШ бәрінен көп зардап шегуде. Оларда меди­цина – сақтандыру компаниялары­ның уысында. Worldometer, сон­дай-ақ gisanddata.maps.arcgis.com порталдарында Johns Hopkins University’s Center орталығы Covid-19 жедел статдеректерін онлайн режимде жариялап отырады. Оған сәйкес, 26 наурыздағы жағдай бо­йынша дүниежүзінде 471 820 адам осы дертке душар болыпты. Оның 21 297-і өмірден озды. Коронавирус өршіген алғашқы 20 елдің екеуінен (Қытай мен Иран­нан) басқасында халық ден­саулығын қорғау медициналық сақтандыру жүйесіне негізделген. Ал ол жүйе пандемияға төтеп беру­ге дәрменсіздігін көрсетті. Мы­салы, Италияда бұл ауруға 74 386 адам шалдықты, 7 503 адам мерт болды. Бұл – індеттің бастапқы ошағынан көп: ҚХР-да 3 287 адам өлген. АҚШ 3-орынға шықты (68 489 мыңнан астам адам, 1 032-сі дүние салды). Испания оны қуып жетуге жақын: індетке іліккендер – 49 515 адам, қайтыс болғандар – 3 647 адам. Бестікті тұйықтаған Германияда – 37 323 адам (206 адам жантәсілім етті, бір тәулікте сыр­қаттар саны 2 540 адамға көбейді). Қалған мемлекеттердің жағ­дайы: Иран – 27 017 адам (өлген­дер – 2 077 адам), Франция – 25 233 (1 331), Швейцария – 10 897 (153), Ұлыбритания – 9 529 (465), Оң­түстік Корея – 9 241 (131), Ни­дер­ланд – 6 412 (356), Австрия – 5 588 (31), Бельгия – 4 937 (178), Кана­да – 3 409 (36), Норвегия – 3 100 (14), Португалия – 2 995 (43), Авс­тра­лия – 2 766 (12), Бразилия – 2 554 (59), Швеция – 2 526 (62), Түркия – 2 433 (59). Дамыған елдердегі медицина жүйесінің оралымсыздығы жа­йында шетелдік ақпарат құрал­дарында көп жазылды. Бұл байлам жалаң болмауы үшін Америкада тұратын бұрынғы отандасымыз Ира Новикованың әңгімесін кел­ті­ре кеткеніміз жөн. 1 наурызда ол Кариб теңізі аралдарын аралаған круизден оралады. Алып кеменің соңғы 3 аялдамаға тоқтауына қа­былдаушы елдер тыйым салған. Лайнердегі жолаушылардың бірі сырқаттанды. Нью-Йоркке келген күннің ертесіне тұмауратқан Ира жандәрмен өз терапевіне жүгіреді. Дәрігер қолында Covid-19 вирусын анықтайтын тестінің жоғын ай­тып, науқасты үйіне қайтарып жі­берген. Жағдайы нашарлаған соң сырқат келесі күні өзі емделетін клиникаға қаралуға ұйғарады.    width= «Тіркеуші әйел оның круизден келгенін ести сала, өзінен аулақ тұруын, арнайы маманды күтуін талап етіп, сөйлеспей қояды. Жар­ты сағаттан кейін арнайы киім киген әйел келіп, тестілеу құралы тапшы екенін, билік органдары тек Қытайдан қайтқандарды ғана тек­серуге нұсқау бергенін мәлімдеп, оны қолынан дедектете жетелеген күйі ауруханадан шығарып жібе­ре­ді», – дейді оның құрбысы Алена. Бәрінен жан тәтті. Ира медсақ­тандыруға қаншама шығын шы­ғарғанын еске салып, денсаулық сақтау органына (Health department) шағыммен жүгінетінін ес­кертіп, ең құрығанда қанның жал­пы анализін жасауды өтінеді. Бір сағаттай жалынғасын қорғаныс костюмін киген дәрігер шығып, тексеру кабинетіне шақырады. Ол Нью-Йорк вирус меңдеген штатқа жатпайтындықтан тест-жүйелер шектеулі екенін хабарлап, қан алып, үйіне аттандырады. Ертесіне Ира 911 нөміріне қоңыраулатып, жедел жәрдем шақырған. 40 ми­нуттан кейін әзер жеткен жедел жәр­дем медсақтандыру жүйесіне сәй­кес оны кешегі госпиталіне алып барады. Дәрігерлер сақтан­дыру компаниясы 3 мың доллар төлесе, коронавирусқа тексеруге да­йын екенін хабарлаған. Сақтан­дыру компаниясы болса, бұл індетке тексеру «басымдық» емесін түсіндірген. Бәрін айт та бірін айт, бұрынғы отандасымыз қазіргі кезде үйінде өз күшімен емделуге тырысуда. Мұндай деректер дамы­ған елдерде көптеп кездеседі. Еуропадағы көптеген ел бейбіт жағдайда мақсаты басым, сөзі өтімді болған медсақтандыру жү­йе­сінен пандемия жағдайында көп қайыр болмасын білді. Нә­ти­жесінде, мемлекет азаматтарды өз үйінде оқшаулануға шақырып жатыр. Мысалы, Ұлыбритания билігі жұмысына шықпай, үйде отыратын азаматтарына 3 ай бойы жалақысының 80% төлемек. Ша­ғын бизнеске 10 мың фунт стер­линг көлемінде грант беріледі. Фран­ция ата-ананың біріне бала­мен үйінде қалуға мүмкіндік ұсын­ды, оның жалақысы толық сақта­лады. Нор­вегия да 100% өтемақы жасайды, осы мақсатта 1 триллион доллардан астам қаражат жинақ­талған Мұнай қорын (қазір Мем­лекеттік зей­нетақы қоры деп ата­лады) ашты. Ка­нада карантин­де­гілердің барлы­ғына бірдей төлема­қы енгізді: ол аптасына 530 АҚШ долларына тең.  

300 миллиард  кімнің игілігі?

Қазақстанда банк несиесін, тұрғын үй ипотекасын, тіпті са­лық­ты кейін төлеуге мүмкіндік беріліп, азаматтарға жеңілдік жа­салды. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшы­лардан медсақтандыру жарнасы әрі қарай жиналып, жүк­теме түсіруде. Өскемен тұрғыны Жанар Бекер­баева МӘМС жүйе­сінің қызығын көре алмай отыр­ғанына наразы. «Жарна аударсаңыз, кез келген жекеменшік клиника қызметіне жүгіне аласыз, тегін анализдер тап­сырасыз, төлем сізге еріп жүреді деп біраз жыл уәдемен «тойдырды». Алайда жеке клиникаларға барсаң, ешқайсысы Әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру қорымен ке­лісім бе­кітпеген болып шығады. Кесірі­нен, медсақтандыру қоры­ның қа­ты­сушылары мемлекеттік ем­хана­лар мен ауруханаларда ұзын-сонар ке­зекте азап шеге бермек. Осы­лай ме­дицина ақылы бол­ды», – дейді ол. ДСМ-нің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үй­лестіру департаменті 2020 жылға ӘМСҚ қоры Өскемендегі 63 медұйыммен, соның ішінде 43 жеке клиникамен келісімге отыр­ғанын жеткізді. Демек, олар МӘМС аясында халыққа тегін медициналық көмек көрсетуге міндетті. Оның бесеуі – тәулік бойғы жеке аурухана. Қазақстан бес жылдай бұрын осы жүйеге көшуге ден қойды. Ел Үкіметінің 2016 жылы 1 шілдедегі қаулысына сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. «Қор – пациенттердің мүддесіне сай тиімді әрі сапалы медициналық көмекті стратегия­лық сатып алумен айналысатын қаржылық орнықты ұйым» деп жазылған оның сайтында. Қордың мәліметінше, МӘМС жүйесіне 2020 жылдың қаңтар айында 34,2 млрд теңге жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін қорға жалпы сомасы 246,9 миллиард теңге құйылды. Демек, бүгінде онда 300 миллиардтай қаражат жиналған. Бұл қаржының төрттен бірі ғана жаһандық пандемиядан қазақ елін құтқаруға жетер еді... Әзірге, коронавируспен күре­суге Үкімет өз резервін шығындап жатыр. Бұдан бөлек, Елбасы қоры, Мәжіліс пен Сенат, бюджет қыз­меткерлері, тіпті жеке кәсіпорын ұжымдары ақша аударды. Сондай-ақ ірі бизнес өкілдері 40 млн доллардан астам (18 млрд теңгедей) қаржы бағыттаған. Мынадай қызықты дерек бар: 2020 жылы ӘМСҚ 1 258 қызмет жеткізушімен келісім бекітіп, 35 млрд теңге алдын ала төлем төлеп қойыпты. Ақша алушының тек 657-і ғана мемлекеттік емхана-аурухана. Қалған 601 – бүгінде негі­зінен есігі тарс жабық тұрған жеке клиникалар. Сондықтан қордың 1406 Call-орталығына хабарласып, ӘМСҚ коронавируспен күрес аясында жарна төлеушілерге қан­дай көмек көрсететінін сұрас­тырдық. Опе­ра­тор көмекті жергі­лікті әкімдіктер көрсетуі тиіс еке­нін айтып, сыр­ғытпа жауап қа­йырды. Ал ай са­йын­­ғы алдын ала ақшаны алғаны­мен халыққа қыз­мет көрсетпей, жабық тұрған жеке клиникаларға қандай жаза қол­данылмақ? Қор өкілі жал­пы ақ­парат жоғын, тек тұ­тыну­шы­ның нақты медұйымға ша­ғымы ғана қаралатынын нық­тады. Қор ақпарына сенсек, қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-дайы немесе 17 млн адам – МӘМС қатысушысы. Ал Статистика ко­митеті дерегінше, қазақстандық­тар­дың саны 18 млн 653,5 мың адамнан асты. Қанша адамның жүйеден тыс қалып тұрғанын осыдан байқауға болады. Медициналық сақтандыру жүйесін мүлдем іске алғысыз етуге болмас. Оның ұтымды жағы, жақ­сы қыры жетерлік. Әйткенмен, коронавирустан кейінгі әлемде бұл жүйе жетілдіруді қажет етуі мүмкін.  

 width=     Айхан ШӘРІП