Қазақстанда 238-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы халық саны 2 000-нан асатын үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылында 238-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шараның ашылуына Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Фархат Әміре, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов және ауыл тұрғындары қатысты.
Бекет жеке құраммен толық жасақталған. Қызметкерлер қажетті дайындықтан өтіп, тәулік бойы кезекшілік атқаруға дайын. Жедел әрекет ету үшін бөлімше Төтенше жағдайлар министрлігінен өрт сөндіру техникасымен, қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы киімдермен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.
Бекет еріктілері оқиға орнына тезірек жетіп, өртті бастапқы кезеңде оқшаулай алады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қажетті көмек көрсете алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.