Әдебиет және LitTech саласындағы стартаптарға грант байқауы жарияланды

Байқау аясында әрқайсысы 5 млн теңгеден 10 грант беріледі.

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры отандық әдебиет, кітап басып шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған грант байқауын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Байқау аясында әрқайсысы 5 млн теңгеден 10 грант беріледі. Гранттардың жалпы қоры – 50 млн теңге.
Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да әдеби жанрлар бойынша жобалар мен авторлар, сондай-ақ LitTech бағытында цифрлық шешімдер әзірлеушілер қатыса алады.

Сонымен қатар мәдени-демалыс, кітапхана ісі, баспа және музей ісі, IT және компьютерлік ойындарды әзірлеу бағытында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері өтінім бере алады. Қатысушылар Қазақстанда тіркелген және QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасындағы креативті индустриялар субъектілерінің тізіліміне енгізілген болуы тиіс.
Өтінім 2026 жылғы 18 тамыздан 28 қыркүйек сағат 18:30-ға дейін қазақ немесе орыс тілінде QazaqCreative цифрлық платформасы арқылы электронды түрде қабылданады.
Байқау қорытындысы QazaqCreative цифрлық платформасында және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.