Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Испания Королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді.