Кэти Топурия қазақ тілінде ән салды (видео)

Желі қолданушылары әншінің бұл қадамына ерекше қызығушылық танытып, жылы қабылдады.

«А’Студио» тобының әншісі Кети Топурия қазақ тілінде ән шырқады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде «Жаңбырдан соң» деп аталатын жаңа әнінің үзіндісін жариялады. 

Желі қолданушылары әншінің бұл қадамына ерекше қызығушылық танытып, жылы қабылдады. Сонымен жаңа туындысын асыға күтетінін айтып жатыр.

«Уау, қандай керемет ән, Кети де керемет!», «Түсініксіздеу, бірақ өте әдемі», «Қазақ тіліне күшті келеді дауысыңыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.