Қазақстан Халық партиясы Павлодарда «Транстелеком» қызметкерлерімен пікір алмасты
Қазақстан Халық партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Әлімбек Ағибаев пен Евгений Миронов, Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Райхан Жақыпова және Қазақстан Халық партиясының белсендісі Вячеслав Починок «Транстелеком» АҚ облыстық филиалының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Қазақстан Халық партиясы өкілдері цифрлық инфрақұрылымды дамыту, телекоммуникация саласының мамандары үшін еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыс орындарын сақтау және саланың технологиялық әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.
«Транстелеком» АҚ – Қазақстандағы ірі байланыс операторлары мен жүйелік интеграторлардың бірі. Компанияның негізгі қызмет бағыттарына телекоммуникация, цифрландыру, IT шешімдер, киберқауіпсіздік және түрлі салаларды автоматтандыру жатады.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері цифрлық технологиялардың экономиканың түрлі салаларындағы маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, білікті мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау және заманауи технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Әлімбек Ағибаев пен Евгений Миронов кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, цифрландыру және еңбек қатынастарына қатысты сауалдарға жауап берді.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, цифрлық инфрақұрылымның дамуы, еңбек жағдайы және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері айтылған пікірлерді тыңдап, оларды алдағы жұмыс барысында ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты қосымша түсіндірмелер берілді. Қатысушылар өз сауалдары мен ұсыныстарын жеткізіп, кандидаттарға алдағы жұмыста ескеруге арналған аманатын білдірді.
Қазақстан Халық партиясы еңбек ұжымдарымен тікелей кездесулер барысында азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау және ұсыныстарды жинақтау жұмысын жүргізіп келеді.
Қазақстан Халық партиясы кандидаты дәрігерлердің ұсынысын тыңдады
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, медицина мамандарының әлеуметтік жағдайы және олардың мәртебесін арттыру жайы талқыланды.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі басымдықтар таныстырылды. Қазақстан Халық партиясы өкілдері медицина қызметкерлерін қолдау, кадрлық әлеуетті дамыту және медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағыттарына тоқталды.
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат, медицина ғылымдарының докторы, Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Ләззат Ақтаева партияның денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын таныстырды.
Ләззат Ақтаеваның айтуынша, Қазақстан Халық партиясы денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді нақты тетіктер арқылы шешуді ұсынады. Атап айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын арттыру, медицина қызметкерлерін қолдау және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясы жас мамандарға қызметтік тұрғын үй ұсыну және жеңілдетілген ипотека тетіктерін енгізуді ұсынады. Партияның сайлауалды бағдарламасында медициналық қызметтерді цифрландыру және жасанды интеллект негізіндегі жүйелерді дамыту мәселесі де қамтылған.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері мұндай цифрлық шешімдер дәрігерлердің қағазбастылық пен артық есептілігін азайтып, негізгі міндетіне – пациенттерге медициналық көмек көрсетуге көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді деп санайды.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсынысын ортаға салды. Қазақстан Халық партиясы кандидаттары қойылған сұрақтарға жауап беріп, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді алдағы заңнамалық жұмыста ескерудің маңызын атап өтті.
Қазақстан Халық партиясы Ұлытау облысында аурухана дәрігерлерімен пікір алмасты
Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының мүшелері Атасу кентіндегі Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесті.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері медицина қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Қазақстан Халық партиясының қызметіндегі басым бағыттар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуде Қазақстан Халық партиясының бағдарламасындағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Қазақстан Халық партиясының өкілдері азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медицина мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жиын барысында аурухана қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері айтылған ұсыныстарға қатысты түсініктеме беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап қайтарды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қазақстан Халық партиясы еңбек ұжымдарымен тікелей пікір алмасу денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді анықтауға және оларды талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі бағыттар түсіндірілді.
Жиын соңында Қазақстан Халық партиясының өкілдері Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасының ұжымына кездесуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Халық партиясы Қарағандыда мамандардың ұсынысын тыңдады
Қазақстан Халық партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Қарағанды облысындағы «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды. Қазақстан Халық партиясы бағдарламасында еңбек адамының әлеуметтік жағдайын жақсарту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше мән берілген.
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС – Шахтинск қаласын жылумен қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі. Осыған байланысты кездесуде жылу энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері сала қызметкерлерінің еңбегі қаланың тұрақты тіршілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар жылу энергетикасы мамандары үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Халық партиясының өкілдеріне жылу энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және сала мамандарының еңбегін лайықты бағалау жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Кездесуде қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мәселелері де сөз болды.
Қазақстан Халық партиясы өкілдері еңбек ұжымының ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелерді алдағы жұмыс барысында ескерудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының бағдарламалық бағыттары бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Қазақстан Халық партиясы Ақмола облысындағы сауықтыру лагері ұжымымен кездесті
Қазақстан Халық партиясының өкілдері сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аясында Ақмола облысындағы «Жас дәурен» сауықтыру лагерінің ұжымымен кездесті.
Жүздесуде тараптар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Еңбек ұжымы өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Штаб өкілдері жиын барысында Қазақстан Халық партиясының қызметі, негізгі басымдықтары және сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ бағдарламаның негізгі бастамалары мен алдағы жоспарлары таныстырылды.
Кездесу барысында азаматтармен тікелей пікір алмасып, қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылды. Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындардың ұсыныс-пікірін ескеріп, ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Халық партиясы «Қазақалтын» ұжымымен өзекті мәселені талқылады
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын Ақмола облысындағы кәсіпорындарда түсіндірді. «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концернінің еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамының мәртебесін арттыру, өнеркәсіпті дамыту, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар жөнінде ақпарат берілді.
Қазақстан Халық партиясының өкілдерімен жүздесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көтерілген сауалдарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.
Ашық талқылау Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын еңбек ұжымдарына таныстыруға және азаматтармен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік береді.