Жиында тараптар сайлау кезеңіндегі дайындықты жан-жақты талқылап, жұмыс істеу тәртібін пысықтады.
Шараның негізгі мақсаты – байқаушылар құқығы мен міндетін түсіндіру, сайлау процесінің заң талабына сай, ашық әрі әділ өтуіне жағдай жасау.
Жиында бақылаушылардың сайлау учаскелеріндегі жұмыс тәртібі, дауыс беру процесін назарда ұстау, ықтимал заң бұзу фактілерін тіркеу және туындаған мәселелер бойынша тиісті тәртіппен әрекет ету жолдары айтылды. Сондай-ақ нақты жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмі пысықталды.
Партия өкілдері «Байтақ» атынан саяси науқанды бақылауға баратын азаматтарға бейтараптық сақтау, заң талаптарын қатаң ұстану, азаматтардың таңдауына құрметпен қарау секілді маңызды мәселелерді түсіндірді.
«Әр бақылаушының дайындығы мен жауапкершілігі сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан байқаушыларға өз міндетін заң аясында және жоғары жауапкершілікпен орындау қажет», – деді кездесуге қатысқан «Байтақ» партиясының өкілдері.