Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары – Respublica партиясының басты басымдықтары

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Олжас Құспеков, Нұргүл Тау және Ерлан Сүлейменов компания жұмысшылары алдында сөз сөйлеп, өңірді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады.

Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Петропавлдағы NQDC компаниясы жүзеге асырып жатқан «Фантазия» сауда үйінің құрылыс алаңына барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

NQDC компаниясының бас директоры, партия мүшесі Жабай Наскенов Respublica командасына деген көзқарасын білдірді.

«Бұл – жас, жігерлі әрі нәтижеге бағытталған партия. Мұнда жаңа буынның өкілдері көп. Олар халықты тыңдап қана қоймай, елдің мәселесін жүрекпен түсініп, нақты шешім таба біледі. Бүгінде Қазақстанға дәл осындай ұстаным қажет», – деді Жабай Наскенов.

Respublica өкілдерінің айтуынша, еңбек ұжымдарымен тұрақты әрі ашық диалог жүргізу – өңірлердегі түйткілдерді жергілікті жердің өзінде көріп, халықтың талап-тілегін заңнамалық бастамалар арқылы шешудің маңызды жолы.