Продюсер, блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдерге арнап жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әйелдердің қилы тағдырын ән арқылы жеткізіп, видео жариялады.
«Менің бұл жазбам біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба? Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны - ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды… Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатыгездікті кешіре алмайды…», – деді Мөлдір Мұқанова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.