Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.
Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.