Алматы облысында мейрамхана өртенді

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында Тлендиев көшесінде мейрамхана ғимаратында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы өрт сөндіру есептері келген кезде ғимараттың барлық аумағында ашық жалын байқалды. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс жүргізді. 

ТЖМ бөлімшелері келген кезде мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір оттегі баллонын алып шықты. 

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Нақтылаған мәлімет өрттің аумағы 460 шаршы метр. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары өрт жүктемесіне және оттың тез таралуына байланысты күрделі жағдайда жүргізілді. ТЖМ қызметкерлері өртті оқшаулау және толық сөндіру бойынша қажетті шараларды қабылдады.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» еріктілерінен шамамен 50 қызметкері мен 20 бірлік техникасы, жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Зардап шеккендер жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.