Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 24 тамызға жоспарланған сот отырысы кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы техникалық себептерге байланысты басқа күнге ауыстырылған.
Бұған дейін іс бойынша сот отырысы 24 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланған еді.
Соттың хабарлауынша, келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен өтетін орны туралы қосымша ақпарат беріледі.