Украиналық DeepState аналитикалық мониторинг жобасының мәліметінше, Ресей әскері Донецк облысындағы Родинское қаласын басып алды.
Жоба сарапшылары Ресей күштерінің Харьков облысында да алға жылжығанын хабарлады.
«Қарсылас Родинскоені басып алды, сондай-ақ Артильное маңында алға жылжыды», – делінген DeepState хабарламасында.
Родинское – Донецк облысының Покровск ауданындағы Покровск қалалық қауымына кіретін қала. Ал Артильное ауылы Харьков облысының Купянск ауданында орналасқан.
Украина немесе Ресейдің ресми әскери органдары бұл ақпаратқа қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.