Қазақстандық ММА шебері Қуанбек Бақгелді Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен Mangu Professional League 4 турнирінде жеңіске жетті.
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық спортшы өзбекстандық Фазлиддин Махмудовпен кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас толық өтіп, төрешілердің бөлек шешімімен Бақгелдінің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қуанбек Бақгелді кәсіпқой ММА-дағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл оның қатарынан үшінші жеңісі болды.
Ал бұған дейін үш кездесуінің барлығында жеңіске жеткен Фазлиддин Махмудов кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.