Құрылтай 2026: Астанада бүгін қоғамдық көлік тегін қатынайды

Астанада 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды.

Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
• Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
• қалалық бағдарларда;
• экспресс-бағдарларда;
• қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.