Сайлау күні елімізде ауа райы қандай болады?

23 тамызға арналған ауа райы болжамы.

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде негізінен құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Кей жерлерде ауа температурасы +37...+42°C-қа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар бірқатар өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада  күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C.
Алматыда — күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +28...+30°C.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер сақталады:

23 тамызда Жетісу облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 23 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Алматы қ.: 23 тамызда аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенші өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 23 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында,  оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

23 тамызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 23 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні – 15-20 м/с.

23 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні  – 15-20 м/с.

23 тамызда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Абай облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда күндіз  Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.  

23 тамызда күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.