Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден басталып, 20:00-ге дейін жалғасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы сағаттардың өзі жексенбінің таңына тән мамыражай тыныштықтың бұл жолы сайлау учаскелерінде байқалмағанын аңғартты. Есіктер ашыла салысымен сайлаушылар сайлау комиссияларының үстелдеріне қарай ағылып, кейбір учаскелерде бірден кезек қалыптасты. Таңнан-ақ бүгінгі күннің айрықша тынысы сезіледі. Дауыс беруге жұрт жеке-жеке де, отбасымен де, тұтас еңбек ұжымдарымен де келіп жатыр.
Қазақстан үшін бұл жексенбі дауыс беру фактісінің өзімен-ақ тарихи күнге айналды: ел азаматтары алғаш рет жаңа өкілді орган – тұңғыш Құрылтайдың құрамын жасақтауда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.