«Біздің Шакирамыз!»: Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Пікірлердің басым бөлігінде әншінің образы мен биіне оң баға берілген.

Әнші Әйкерім Қалаубаева көпшілікке жаңа әнін ұсынып, оған ерекше би қойылымын да таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші жаңа әнін «Сенің ғана құшағыңда, бақыт биін билеймін!» деген жазбамен бөлісті. Әншінің образы мен биі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік оның қимылын әлемге танымал әнші Шакираның стиліне ұқсатты.

Желі қолданушылары Әйкерімнің өнеріне жылы лебіздерін жаудырды. «Бар сұлулық осы қызда», «Талғамыңыз күшті!», «Образ жараса қалды!», «Біздің Шакирамыз!», «Шакирамыздан асып кетті!» деген пікірлер жазылған.

Кейбір оқырман әншінің жас көрінетініне әзілмен таңданысын білдіріп, «Қартаюды ұмытып кеткенсіз бе?» деп жазған. Пікірлердің басым бөлігінде әншінің образы мен биіне оң баға берілген.