Ардагердің ақ батасы – елдікке үндеу

Елдің ертеңі мен болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси науқанға белсенді қатысқан ардагер өз азаматтық ұстанымын білдірді.

Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекпанов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Дауыс беру рәсімінен кейін Оразғали Достанұлы саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдіріп, ақ батасын берді.

– Ел тағдырына қатысты әрбір маңызды науқанға қатысу  – азаматтық борыш. Әр адамның өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы маңызды. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын, – деді ардагер.