«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бүгінгі, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Бұрынғысы жаман болғандықтан емес. Уақыт өзгереді. Жаңа міндеттер пайда болады. Соған сай жүйе де өзгеруі керек. Меніңше, мемлекетте де солай. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан үлкен саяси өзгерістерден өтті. Институттар жаңарып, шешім қабылдау тәсілдері өзгеріп келеді. Қоғаммен ашық диалогқа және жеке жауапкершілікке көбірек мән беріле бастады.
Президент алдымызға Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Бірақ цифрлық ел дегеніміз – тек қосымшалар мен серверлердің саны емес, бұл шешімді жылдам қабылдайтын, халықты еститін, деректерге сүйенетін және әлеммен бірге өзгеруге дайын мемлекет. Бүгін бюллетеньді жәшікке салып тұрып, осыны ойладым. Қазақстан болашаққа жай ғана ілесіп отырмауы керек. Болашақты өзіміз осы жерде, дәл қазір жасауымыз керек, – дейді ол.