Ақмола облысының шайбалы хоккейден 19 дүркін чемпионы атанған «Қойгелді» командасының спортшылары Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне ұйымдасқан түрде барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Команда мүшелері сайлау учаскесіне біртұтас ұжым болып келіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Тәртіп пен ұйымшылдықты спорт алаңында ғана емес, қоғамдық өмірде де ұстанатын хоккейшілер үшін сайлауға қатысу – ел болашағына деген жауапкершілікті танытудың бір жолы.
Спортшылар өз таңдауын жасап, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Олардың пікірінше, әр азаматтың дауыс беруі – елдің ертеңіне қатысты шешімдерге өз үлесін қосудың маңызды мүмкіндігі.
«Қойгелді» командасының бұл бастамасы Аршалы ауданының жастары үшін де өнеге боларлық азаматтық ұстаным екені сөзсіз. Өйткені командалық рух, ұйымшылдық пен жауапкершілік тек спорттық жарыстарда ғана емес, қоғам өмірінде де маңызды рөл атқарады.
Ақмола облысының 19 дүркін чемпионы атанған атақты команданың сайлауға бірлесіп қатысуы – спортшылардың ел өміріне бейжай қарамайтынын көрсететін жарқын мысал.
Спорттағы жеңіс – алаңда, азаматтық жауапкершілік – қоғамда. «Қойгелді» хоккейшілері өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосты.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы