Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов сайлауда өз таңдауын жасады

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ҚР жаңа бір палаталы Құрылтайына депутаттарды сайлау жөніндегі алғашқы сайлауда дауыс беруге қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Дауыс беру күні тұтас ел аумағы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауда.

Айта кетейік, Қазақстанда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, 2 264 411 сайлаушы дауыс берді. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.