Абай облысының әкімі Берік Уәли өз таңдауын жасады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Құрылтай депутаттарын сайлауына қатысып, дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Құрметті жерлестер! Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Құрылтайдың алғашқы сайлауы – Қазақстанның жаңа саяси кезеңге қадам басқанының айқын дәлелі.
Семей қаласындағы Медициналық университет ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім.
Абай облысында бүгін 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 402 408 сайлаушы дауыс беруге құқылы.
Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалған. Учаскелер қажетті инфрақұрылыммен жабдықталып, дауыс беру процесі белгіленген тәртіппен өтуде.
Бүгінгі күннің еліміз үшін маңызы ерекше. Ұлы тұлғалар дүниеге келген, күллі қазақ даласына рухани сәуле шашқан тұңғыштар мекені – Абай елінің жұртшылығы азаматтық белсенділік танытатынына сенім білдіремін, – деді ол.