«Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды»: Тоқаев сайлау науқанына жоғары баға берді

Президент саяси науқанға оң баға беріп, теледебаттардың мазмұнды әрі ұтымды өткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне барып, дауыс бергеннен кейін тілшілердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Еуразия бірінші» телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандос Мемлекет басшысынан сайлау науқаны барысында партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне баға беруін сұрады.

Президент саяси науқанға оң баға беріп, теледебаттардың мазмұнды әрі ұтымды өткенін атап өтті.

«Еуразия бірінші» телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандос Мемлекет басшысына: «Сайлау науқанын жіті бақылаған боларсыз. Осы жолғы партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне қандай баға берер едіңіз?» – деп сұрақ қойды.

Бұл сұраққа:

– Мен бұл мәселеге оң баға берсем, қателеспеймін. Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады. Оған бәріміз де куә болдық. Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын, – деді Президент.