«Таза Қазақстан» – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

23 тамызда, бүгін ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон да жүріп жатыр.

Сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат беруге, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған медиажобада елдегі тазалық мәселесі қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Таза сана» дискуссиясына  ҚР ЭТРМ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Айдана Айтмолдаева, эколог, НУ оқытушысы Бауыржан Биахмет, мәдениеттанушы, ҚҚДИ сарапшысы Айдана Құлман қатысты.

Мәдениеттанушы, ҚҚДИ сарапшысы Айдана Құлман «Таза Қазақстан» азаматтық жауапкершіліктің көрінісі деп санайды. 

«Таза Қазақстан» жобасы азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды. Жоба аясында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып, тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде», – деді ол.

Айта кетейік, марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысуда. Онлайн-марафонның мазмұны бірнеше арнайы алаңда ұсынылады.