Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда жазды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.