Қазақстанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, 9 095 298 сайлаушы дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрайды.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:
1. Астана қаласы бойынша – 49,87%.
2. Абай облысы бойынша – 77,54%.
3. Ақмола облысы бойынша – 78,95%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 84,95%.
5. Алматы облысы бойынша – 70,04%.
6. Атырау облысы бойынша – 69,05%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 71,15%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 83,99%.
9. Жетісу облысы бойынша – 89,69%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 74,78%.
11. Қостанай облысы бойынша – 75,31%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 88,09%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 70,61%.
14. Павлодар облысы бойынша – 69,99%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,14%.
16. Түркістан облысы бойынша – 90,17%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 68,23%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 85,43%.
19. Алматы қаласы бойынша – 41,06%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 71,89%.
Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды.