Елдос Ахметов: Қазақстандық футболшылар шетелдік клубтарда ойнап жүр

Елдос Ахметов футболдың дамуына қатысты пікір білдірді

Футболшы Елдос Ахметов еліміздегі футболдың даму деңгейіне қатысты пікір білдірді.

«Дастан Сәтпаев, Нұрәлі Әліп, Максим Самородов, Ислам Чесноков секілді футболшылар шетелдік клубтарда өнер көрсетіп жүр. Бұл – үлкен жетістік. Алда Ұлттар лигасы өтеді. Сол жарыста да бар мүмкіндігімізді салып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз», – деді ол.