Саяси шолушы, халықаралық қатынастар және Таяу Шығыс саясатының маманы Басель Аль-хадж Джасемнің (Нидерланд) айтуынша, Құрылтай сайлауының маңызы ерекше. Себебі Қазақстанның маңызы географиялық шекарасынан әлдеқайда асып түседі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақстандағы тұрақтылық еліміз үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды. Бұл сайлаудың мәні тек депутаттарды таңдаумен шектелмейді. Ол – демократиялық институттарды дамытудың жаңа кезеңі», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Ал Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры, экономика және халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Гленн Холе (Норвегия) сайлау учаскелеріне барудың өзі ол үшін маңызды болғанын айтты. Оның пікірінше, сайлау учаскелері – ұлттық саяси жүйелердің өз тәжірибесін сайлаушыларға жеткізетін маңызды орындарының бірі.
«Біз бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Мен үшін адамдармен сөйлесу маңызды болды. Бірнеше азаматпен әңгімелесу барысында әртүрлі пікірлерді естідім. Олар геосаясат, саяси реформалар және қоршаған орта мәселелерін қозғады. Сондықтан мықты институттардың болуы өте маңызды», – деді спикер.