Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты құттықтау жолдады

Әзербайжан Президенті Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты құттықтау жолдады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізді және бауырлас халқыңызды Қазақстан Республикасының жаңа Парламенті – Құрылтайға алғашқы сайлаудың сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін бұл маңызды оқиға еліңіздің жан-жақты дамуына, Сіз жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың жалғасуына және алда тұрған міндеттердің жүзеге асырылуына қызмет ететініне сенімдімін. Құрылтай жұмысына табыс тілеймін.

Ортақ тамырымыз, ұлттық-рухани құндылықтарымыз бен бауырластық байланыстарымыз тығыз ұштастырған Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту біз үшін ерекше маңызға ие. Сізбен арадағы белсенді әрі нәтижелі саяси диалог Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және оны жаңа мазмұнмен толықтыруға серпін берді.

Берік негізге құрылған Әзербайжан-Қазақстан достық қарым-қатынастары мен стратегиялық әріптестігі біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі қарқынды дамып, тереңдей беретініне сенемін.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді тағы да құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, бақыт және жоғары мемлекеттік қызметіңізге жаңа табыстар, ал бауырлас Қазақстан халқына баянды бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тілеймін.

Құрметпен,
Ильхам Әлиев
Әзербайжан Республикасының Президенті

Баку қаласы, 23 тамыз 2026 жыл.