Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ермек Алдабергенұлы 1967 жылы 11 қазанда туған.

Білімі: 

Қазақ политехникалық институты (1992 жыл);

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2007 жыл);

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі (2021 жыл).

I және II дәрежелі «Даңқ» ордендері, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МКҚ және ҰҚК құрметті қызметкері.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Мансабы:

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰҚК төрағасы болды. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен қайта тағайындалды.