10 жылда 3 300-ден астам әскери қызметші «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» атанды

Марапаттың екі дәрежесі бар. 

Ұлттық ұлан тарихында әскери қызметшілердің кәсіби жолы мен қызметке қосқан үлесін айшықтайтын марапаттар бар. Солардың бірі осыдан он жыл бұрын бекітілген, бүгінде оның 3 300-ден астам иегері бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz

2016 жылы «Қайсар» төсбелгісінің орнына «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісі бекітілді. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы тамыздағы Жарлығымен қабылданды.

Марапаттың екі дәрежесі бар. Ол әскери борышын адал атқарып, жоғары кәсіби біліктілігін көрсеткен және Ұлттық ұланның алға қойған міндеттерін орындауға үлес қосқан әскери қызметшілерге табысталады.