Блогер деректі фильм түсірді

YouTube желісінде 21 млн-нан аса аудиториясы бар, танымал арабиялық тревел-блогер, әрі деректі фильмдер авторы Джо Хаттаб Қазақстан туралы деректі фильм түсірді.

Фильмде ол Астанаға ерекше тоқ­талып, елорданы «Болашақтың қаласы» деп атады, шаһардың қарқынды дамуы мен заманауи сәулетіне тоқталды.

Атап айтқанда, блогер Astana Hub-қа барып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездескен. Сондай-ақ EXPO аумағында және Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі –«Нұрсұлтан» мешітінде болды. Бүгінде фильм YouTube желісінде 3,8 миллионға жуық қаралым, 147 мыңнан аса лайк жинады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ