«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шығыс және оңтүстік-шығыста - жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 25–28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда желдің жылдамдығы 18 м/с-қа дейін, Шымкентте - 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыста ауа температурасы +35...+42°C-қа дейін көтеріліп, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер сақталады:
25-26 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 25 тамызда түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр, кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Төтенші өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда өте қатты жаңбыр күтіледі.
25 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда түнде Алматы облысында жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
25 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Ақтөбе облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.