Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында апалы-сіңілі қазақстандық екі қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қаза тапқан қыздардың мәйітін елге қайтару үшін көмек сұраған жазбалар жарияланған болатын.
— ҚР Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында (БАӘ) қаза болған Қазақстан Республикасының азаматтары Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі уақытта қосымша ақпарат жария етілмейді.
— ҚР СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр, — дейді ҚР СІМ.