Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Өнер иесі туған жеріне барып, тегін концерт өткізген

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі туған жеріне барып, тегін концерт өткізген. Осылайша, әнші көптен бергі арманына жеткенін атап өтті. 

«Туған еліме, жерлестеріме ашық аспан астында тегін концерт ұсынуды армандап жүр едім, сол күнге де жеттік, АЛЛАға шүкір. Пейілі далалай дархан жерлестеріме, мені қолдап келген достарым, сахналастарыма және қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, алаң мен сахна дайындап, қолдау білдірген Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлы мырзаға мың алғыс білдіремін. Бәріңізді құшақтадым!», – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.