Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқан ер адам қамауға алынды

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жүргізілген  шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол – Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқықбұзушылықты анықтау және жолын кесу мақсатында ұдайы түрде мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады.