«Сүю деген – тек әдемі сөздер айту емес»: Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Ол отбасылық өмірге қадам басқан жас жұбайларға аналық тілегін жеткізді.

Тележүргізуші Динара Сәтжан жаңадан шаңырақ көтерген ұлына кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол отбасылық өмірге қадам басқан жас жұбайларға аналық тілегін жеткізді. Сонымен қатар ұлын әйелді құрметтеп, бағалай білуге шақырды.

«Бір-бірін таңдап, шын сүйген қос жүрекке қараған қандай керемет. Сендерге махаббаттарыңды өмір бойы аялап, бір-біріңе ризашылықпен әрі құрметпен қарауды тілеймін. Жылдар өткен сайын сезімдерің тереңдеп, махаббаттарың даналық пен күшке толы болсын. Даниял балам, саған ең басты нәрсені айтқым келеді: әйел – қызметші емес. Ол – сенің өмірлік серігің, тең дәрежедегі жұбың. Онымен қуанышыңды да, қиындықтарыңды да, армандарыңды да, отбасы алдындағы жауапкершілікті де бірге бөлісесің. Есіңде болсын, сүю деген – тек әдемі сөздер айту емеc. Бұл байқау, тыңдау және қолдау. Бұл әйеліңнің нені жақсы көретініне қызығушылық таныту, оның жетістіктерін тойлау және ол қиналған кезде қасында болу. Өмір осындай бақытты сәттерден құралады. Бүгін жүректеріңді тоғыстырған сезімді сақтаңдар. Күн сайын бір-біріңді қайта таңдай біліңдер. Бақытты болыңдар!» – деді тележүргізуші.

Желі қолданушылары тележүргізушіге қолдау білдірді.

 

«Бақытты болсын балаларыңыз», «Күйеу жігіттің анасы осындай саналы болғаны қандай керемет», «Бакытты болсын! Тілекті өте дурыс айттыңыз! Ана деген осындай тілек тілеуі керек», «Өз өмірін реттеп, бақытты болған ене ғана осындай тілек айтады», деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.